Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Соғыс жағдайы туралы

Соғыс жағдайы туралы
13-бап. Ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңiндегi мiндеттерi



Ст. 13 Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391



1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақтағы ұйымдар соғыс жағдайын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге мiндеттi.

2. Ұйымдар соғыс жағдайы кезеңiнде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерiнiң меншiгiндегi қорғаныс қажетiне керектi мүлiктi беруге; <*>

2) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында шарттар негiзiнде мемлекеттiң тапсырмаларын (тапсырыстарын) бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға;

3) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 70 Заңымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...17 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391