Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Соғыс жағдайы туралы
6-бап. Соғыс жағдайының шаралары



Ст. 6 Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391



1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақта мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:

1) Республиканың мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарын, сондай-ақ экономикасын соғыс жағдайы талаптарына сай жұмыс iстеуге көшiру;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыра өрістетуін жүргiзу;

3) Қарулы Күштердiң мүдделерiне сай мiндеттердi орындау үшiн арнайы құралымдар жасақтау, экономиканың iркiлiссiз жұмысы мен халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету;

4) азаматтық және аумақтық қорғаныс iс-шараларын өткiзу;

5) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтар запасына caлынған тыйымды алып тастау және оны пайдалану;

6) қоғамдық тәртiптiң, сондай-ақ республикалық объектiлер бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық объектiлер бойынша - жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн тiзбелерге сәйкес мемлекеттiк және әскери объектiлердiң, халықтың тыныс-тiршiлiгiн, көлiк пен коммуникациялардың жұмысын қамтамасыз ететiн объектiлердiң, адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн аса қауiптi объектiлердiң күзетiн күшейту;

7) көлiк, коммуникациялар және энергетика, сондай-ақ адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн аса қауiптi объектiлер жұмысының ерекше режимiн белгiлеу;

8) халықты, шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени мақсаттағы объектiлердi эвакуациялау, сондай-ақ азаматтарды және басқа адамдарды өмiр сүруге қауiптi аудандардан, уақытша немесе тұрақты тұруы және орналасуы үшiн оларға мiндеттi түрде тұрғын үй-жай және тұрғын үйге жатпайтын үй-жай бере отырып, басқа аудандарға уақытша көшiру;

9) жеке және заңды тұлғалардан қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi мүлiктi, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен және жағдайда реквизициялау, оларға реквизицияланған мүлiк құнын мемлекеттiң өтеуi;

10) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және одан шығудың ерекше режимiн белгiлеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ жүрiп-түру еркiндiгiн шектеу;

11) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға тарту;

12) соғыс жағдайы енгiзiлген жерде болатын орын мен тұратын орынды таңдауға тыйымдар мен шектеулер белгiлеу;

13) жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер, бой көрсетулер, ереуiлдер өткiзуге тыйым салу немесе шектеу;

14) коменданттық сағат белгiлеу және әскери басқару органдары мен мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша азаматтардың және басқа да адамдардың құжаттарын тексерудi жүзеге асыруына, олардың жеке басына тексеру жүргiзуiне, заттарын, тұрғын үйi мен көлiгiн тексерiп қарауына, сондай-ақ азаматтарды, басқа да адамдарды және көлiк құралдарын ұстап, iркудi жүзеге асыруына құқық беру;

15) қару-жарақ, оқ-дәрi, жарылғыш және улы заттар сатуға тыйым салу, құрамында есiрткi және өзге де күштi әсер ететiн заттар бар дәрi-дәрмек пен медициналық препараттар, алкоголь өнiмдерi айналымының ерекше режимiн белгiлеу;

16) (Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 70 Заңымен)

17) баспаханалардың, есептеу орталықтарының және автоматтандырылған жүйелердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына бақылау орнату, оларды қорғаныс қажетi үшiн пайдалану, сондай-ақ олардың қызметiн шектеу;

18) әскери цензура енгiзу;

19) интернирлеу;

20) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына тыйым салу немесе шектеу;

21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимiн күшейтуге бағытталған қосымша шаралар енгiзу;

22) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз етуге қажеттi өзге де шаралар.

2. Соғыс жағдайы кезеңiнде мемлекеттiң қорғаныс мүддесiндегi қажеттерiн, сондай-ақ халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшiн қажеттi өнiмдер өндiруге, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында экономикалық және қаржылық қызметтi жүзеге асыруға; тауарлардың, ақшаның және қызмет көрсетудiң бiрден бiрге еркiн өтуiне; ақпаратты iздеуге, алуға, беруге, өндiруге және таратуға; банкроттық рәсiмдерiн қолданудың тәртiбi мен шарттарына; еңбек қызметiнiң режимiне арналған уақытша шектеулер қоюға байланысты шаралар қолданылуы мүмкiн, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында да, оның жекелеген жерлерiнде де қаржы, салық, кеден және банк жүйелерiнiң жұмыс ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген соғыс жағдайы шараларын жүзеге асыруды регламенттейтiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер соғыс жағдайының күшiнде болу кезеңiнде де, ол енгiзiлгенге дейiн де қабылдануы мүмкiн.

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 70, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...17 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391