Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту



Ст. 14 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



1. Халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында:

1) ерлер – он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда;

2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер – он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі.

Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.

2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.

3. Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады.

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 
3-тарау. ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV