Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
18-бап. Әскери қызметтің мазмұны



Ст. 18 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



1. Әскери қызмет: 

1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті; 

2) келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды. 

Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке: 

1) сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі; 

2) осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі; 

3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады. 

Келісімшарт бойынша әскери қызметке: 

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі; 

2) əскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады. 

2. Әскери жиындарға шақырылған азаматтар әскери қызмет міндеттерін атқарады. 

3. Мерзiмдi қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту уақыты теңестiріледi. 

4. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды. 

Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды. 

5. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн. 

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...55

Перейти к статье







Добавить комментарий к 18-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV