Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру тәртібі



Ст. 20 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттілерге әскери атақтарды мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, оларды беру, төмендету, әскери атағынан айыру Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, әскери атағынан айырылған адамның әскери атағы тек сот ақтау үкімін шығарған немесе ақтау негіздемелері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда қалпына келтiрiледі. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамға әскери атағы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі. 

Әскери атағы төмендетілген әскери қызметшілерге әскери атағы Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес беріледі. 

Әскери атақтарда еңбек сiңiрген мерзiмi мынадай: 

1) сержанттар (старшиналар) құрамына: 

кіші сержанттарға - бір жыл; 

сержанттарға - екі жыл; 

аға сержанттарға - үш жыл; 

3-сыныпты сержанттарға - төрт жыл; 

2-сыныпты сержанттарға - бес жыл; 

1-сыныпты сержанттарға - алты жыл; 

2) офицерлер құрамына: 

лейтенанттарға - екі жыл; 

аға лейтенанттарға - үш жыл; 

капитандарға (капитан-лейтенанттарға) - төрт жыл; 

майорларға (үшiншi дәрежелi капитандарға) - бес жыл; 

подполковниктерге (екiншi дәрежелi - жеті жыл; 

капитандарға) 

болып белгіленеді. 

Сарбаздар (матростар) құрамына, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дəрежелі капитандарға) жəне жоғары офицерлік құрамға əскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді. 

Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметке қызметін ауыстыру тәртібімен кіретін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне әскери атақ уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын қайта аттестаттау тәртібімен, қазіргі бар арнайы атағынан төмендетілмей беріледі. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...55

Перейти к статье







Добавить комментарий к 20-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV