Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
21-бап. Әскери лауазымдар



Ст. 21 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



1. Әскери лауазым Қарулы Күштердің алдына қойылған негізгі мiндеттер мен функцияларға сүйене отырып айқындалады.

2. Қарулы Күштердегі әскери лауазымдар мен оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

3. Әскери лауазымдар:

1) қатардағы жауынгерлер құрамының;

2) сержанттар құрамының;

3) офицерлер құрамының;

4) жоғары офицерлер құрамының лауазымдарына бөлiнеді.

4. Әскери қызметшiлерден әскери лауазымдарды жасақтау, тағайындау, ауыстыру, әскери лауазымдардан босату және шығару Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүргiзіледi.

5. Әскери қызметшi мынадай:

1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде командирдiң (бастықтың) қарамағында болған – екi айдан аспайтын;

2) ұйымдық-штаттық iс-шараларды жүргізуге байланысты командирдiң (бастықтың) қарамағында болған – үш айдан аспайтын;

 3) әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда – қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін;

4) Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесіндегi жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық және басқа да ұйымдарға iссапарға жiберiлген;

5) Қазақстан Республикасы әскери атташесі аппаратындағы лауазымға тағайындалуға байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған – Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға рұқсат ету құжаттарын алғанға дейін;

6) әскери қызметші әйел ақшалай үлес сақталмай шетелге  қызметке, оқуға жіберілген әскери қызметші жұбайымен бірге болған кезде уәкілетті орган басшысының қарамағында болған жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткереді.

Әскери лауазымдарда болу мерзімдері Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 22-1 ...55 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV