Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi



Ст. 23 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 

Әскери қызметшiлер салтанатты, күнделікті, далалық, арнайы киім нысанымен және арнайы киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі. 

Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi. 

Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 13) жəне 14) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес жəне одан көп жыл мінсіз қызмет еткен азаматтарға запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде əскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі. 

2. Әскери киiм нысанын киіп жүруге құқығы жоқ адамдарға оларды киіп жүруге тыйым салынады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...22 22‑1 23 24 25 ...55

Перейти к статье







Добавить комментарий к 23-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV