Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
25-бап. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы

1. Әскери қызметшiлердiң әскери қызметте болуының шектi жасы: 

1) қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери қызметшілеріне – қырық бес жас; 

2) майорға (үшіншi дəрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттық құрамның жəне офицерлік құрамның əскери қызметшілеріне – қырық жеті жас; 

2-1) подполковниктерге – қырық сегіз жас; 

3) жоғары сержанттар құрамының әскери қызметшілеріне және полковниктерге (бiрiншi дәрежелi капитандарға) – елу бес жас; 

4) генерал-майорларға (контр-адмиралдарға), генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) – алпыс жас; 

5) генерал-полковниктерге, адмиралдарға және армия генералдарына – алпыс үш жас болып белгіленеді. 

2. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленген тәртіппен әскери қызметтен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады. 

Жоғары кәсіптік даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тәжірибесі бар және әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды, әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшіге өзінің баянаты бойынша уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы онымен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасу арқылы әскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін. 

Әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешім әскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды.  

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған және әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшіге әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды болған жағдайда, өзі берген баянат негізінде Қазақстан Республикасының Президенті әскери қызмет мерзімін бес жылға дейін ұзартуы мүмкін. 

3. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери қызметшілердің әскери қызметтегі шекті жасы запаста болудың шекті жасына сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте олармен жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар жұмылдыру, соғыс жағдайы мерзімі және соғыс уақыты аяқталғанға дейін қолданылады. 

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...23 24 25 26 26‑1 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться