Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру



Ст. 34 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



1. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығы негiзiнде және осы Заңда белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

2. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған әскери міндеттiлер мен әскерге шақырылушыларға жұмыс (қызмет) орны бойынша толық есеп айырысу жүргізiледі, нақты жұмыс iстеген уақыты үшін жалақы, жұмыстан шығу жәрдемақысы және пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлемдері төленеді. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында шақырылған азаматтардың өздерi тұрған тұрғын алаңы сақталады. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттік қамсыздандыру (жәрдемақылар, зейнетақылар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

3. Жергіліктi атқарушы органдар, ұйымдар жұмылдыруды жүргiзу кезiнде, соғыс жағдайы енгізілген және соғыс уақыты кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар етуді және оларды шақыру пункттеріне немесе әскери бөлiмдерге жеткiзуді қамтамасыз етуге міндеттi.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV