Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
40-бап. Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi

Ст. 40 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт: 

1) үш жылға – келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін; 

2) бес жылға; 

3) он жылға; 

4) әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін; 

5) курсанттар, кадеттер жəне əскери интерндер үшін – əскери оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін – оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына); 

6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін – оқу мерзіміне жəне əскери оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады. 

2. Кандидаттарды iрiктеу және олардың келiсімшарт бойынша әскери қызметке кiру тәртiбi Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады. 

Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-тарау. ЗАПАСТА ТҰРУ

Статья 1 ...39 39‑1 40 41 42 ...55

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV