Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
43-бап. Әскери жиындардан өту



Ст. 43 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



1. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы әскери жиындарға шақырылады, сондай-ақ әскери даярлық бойынша сабақтарға тартылады.

2. Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады.

3. Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындары арасындағы кезеңде он бес күнге дейінгі мерзімге тексеру жиындарына тартылуы мүмкін.

4. Запаста тұру уақытындағы жиындардың жалпы мерзімі әскери міндеттілер үшін он сегіз айдан аспауға тиіс. Бұл ретте оқу-жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзіміне тексеру жиындарында болған уақыт та есептеледі.

5. Арнайы жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі.

6. Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.

Әскери міндеттінің дәлелсіз себептермен жиындар орналасқан жерден тыс болған уақыты әскери жиындардан өту мерзіміне есептелмейді. 
8-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 43-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV