Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау



Ст. 9 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV



1. Азаматтарды әскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ әскери міндеттілер әскери қызмет өткеруі үшін әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізетін міндетті іс-шаралар кешені.

2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

1) бастапқы әскери даярлықты;

2) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлықты;

3) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықты;

4) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықты қамтиды.

3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін, Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV