Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу ту 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы
6-бап. Тауарлардың мәртебесі және кедендiк рәсiмдер туралы өтпелi ережелер

1. Кеден одағының кедендiк аумағында орналасқан және «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекет пайдасына тауарлардың еркiн айналысы, керi импорты және тауарлардан бас тарту үшiн тауарлар шығарудың кедендiк режимдерімен орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше мемлекет пайдасына iшкi тұтыну, керi импорт және бас тарту үшiн шығарудың кедендiк рәсiмдерімен орналастырылған деп есептеледі және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күнге кедендік мақсаттар үшін қазақстандық тауарлар мәртебесiне ие болған тауарлар кеден одағының тауарлары болып танылады.

3. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн тауарлар экспортының кедендiк режимiнде орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап экспорттың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

4. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды өңдеу, тауарларды еркiн айналыс үшiн өңдеу және тауарларды кедендiк аумағынан тыс өңдеу кедендiк режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап, тиісінше кедендiк аумақта өңдеу, кедендiк аумақтан тыс өңдеу және iшкi тұтыну үшiн өңдеу кедендiк рәсiмдерiмен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн, осындай тауарларды өңдеу операцияларының нәтижесiнде алынған тауарларға қатысты осы тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктері ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған кедендiк рәсiмдер «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнде айқындалған мерзiмдер шегiнде тауарларды өңдеу мерзiмдерін ұзарту мүмкiндiгi ескеріле отырып, тиісті кедендiк режимдерге тауарларды орналастыру кезінде белгiленген мерзiмдердiң өтуiне дейiн қолданыста болады.

«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрiнiң аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағына әкелiнген не кеден одағына мүше мемлекеттердiң бiрiнiң аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағына әкетiлген, қазақстандық тауарлар мәртебесiне ие тауарларға қолданылған осы тармақтың бiрiншi бөлiгінде аталған кедендiк режимдер «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап, өз қолданысын тоқтатады. Осы кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлар және осы тауарларды өңдеу операциялары нәтижесiнде алынған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден одағының тауарлары болып танылады.

5. Экспорттың кедендiк рәсiмдерiне сәйкес әкетуге арналған тауарларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кеден қоймасының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлар, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден қоймасының кедендiк рәсiмiне орналастырылған деп танылады және оларға қатысты осы тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктері ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кедендiк қойманың кедендiк режимiне орналастырылған, экспорттың кедендiк рәсiмiне сәйкес әкетуге арналған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес кедендiк қоймаларда сақталады.

Кеден қоймасының кедендiк рәсiмi «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде айқындалған мерзiмдер шегiнде оларды ұзарту мүмкіндігі ескеріліп, кеден қоймасының кедендiк режимімен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген сақтау мерзiмдерi өткенге дейiн қолданыста болады.

6. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу және тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкету кедендiк режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше уақытша әкелу (жiберу) және уақытша әкету кедендiк рәсiмдерiне орналастырылған деп танылады және оларға қатысты осы тармақтың екiншi және үшiншi бөлiктері ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

Уақытша әкелудiң (жіберудің) кедендiк рәсiмi «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде айқындалған мерзімдер шегінде оларды ұзарту мүмкiндiгi ескеріле отырып, уақытша әкелу (тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу) кедендiк режимiмен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген уақытша әкелу мерзiмдерi өткенге дейiн қолданыста болады.

Уақытша әкетудiң кедендiк рәсiмi «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес оларды ұзарту мүмкiндiгi ескеріле отырып, уақытша әкетудiң (тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету) кедендiк режимiмен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген уақытша әкету мерзiмдері өткенге дейiн қолданыста болады.

7. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн Қазақстан Республикасында тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiмен орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кедендiк керi экспорт кедендiк рәсiмімен орналастырылған болып танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағы кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап кедендiк аумақта тауарларды өңдеудiң кедендiк режимiне сәйкес тауарларды өңдеу бойынша операциялардың нәтижесiнде алынған өңдеу өнiмдерiн әкету мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлар керi экспорт кедендiк рәсiмiмен орналастырылған деп танылады.

8. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейiн тауарларды және бажсыз сауда дүкенiн жою кедендiк режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше жоюдың немесе бажсыз сауданың кедендiк рәсiмдерiмен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелерi қолданылады.

9. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгеннен кейiн осы Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес кедендiк режимдермен орналастырылған тауарларға осы баптың ережелері қолданылады.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...12

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться