Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
10-бап. Кеңес шешімдері



Ст. 10 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ



1. Кеңес шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралатын адамның, сондай-ақ өзге де шақырылған адамдардың қатысуынсыз, отырысқа қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусымен қабылданады.

Рәсімдік мәселелер бойынша Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

2. Кеңес шешімдері жазбаша нысанда баяндалады және олардың шығарылған күні мен орнын, мәселені қараған Кеңес құрамын, қабылданған шешімдердің уәждерін қамтуға тиіс. Шешімдерге төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды.

3. Кеңес қорытынды, хаттамалық шешім және (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда, ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, бұл Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

4. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

5. Кеңес өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдайлар жасайды, олар Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады. 
4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ