Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың)тәртібі мен шарттары



Ст. 13 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ



1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

2. Судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады. 

3. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде бес жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және қызметтен босатылған күннен бастап төрт жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 

4. Мамандандырылған магистратурада оқу бітірген адамдар мамандандырылған магистратурада оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады. 

5. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді. 

6. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап төрт жыл бойы жарамды болады. 

7. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бір жылдан кейін жіберіледі. 

8. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдар туралы ақпарат, сондай-ақ біліктілік емтиханының үлгілік сұрақтары Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады. 

9. Судьялыққа кандидаттардан емтихан алу кезеңдерінің бірін қабылдау жүзеге асырылатын электрондық жүйе ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді, ақпаратты жинаудың, өңдеудің, жинақтаудың, сақтаудың, іздеудің және берудің бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуын, көрсетілген құралдардың істен шығуын болғызбайтын тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуге тиіс. 

Электрондық жүйенің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында тәуелсіз бағалау, оның ішінде шетелдік мамандар тартыла отырып жүргізілуі мүмкін. 

10. Біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі үш кезеңді қамтиды: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және оны практикада қолдану қабілетін компьютерлік тестілеу; 

2) үміткердің білімін және оны практикада қолдану қабілетін сот практикасынан нақты жағдайларды бейнелейтін емтихан билеттері бойынша тексеру; 

3) психологиялық тестілеу. 

Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың санын Комиссия белгілейді. 

Біліктілік емтиханы тестеріне және емтихан билеттеріне енгізілуге жататын сұрақтардың тізбесін әзірлеуді Комиссия ұйымдастырады. Сұрақтардың тізбесі Кеңес отырысында бекітіледі.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ