Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі

Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының оларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қарағаннан кейін енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды. 

1-1. Аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған және тиісті қорытынды алған адамдардың қатарынан қарайды. 

2. Аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс. 

Облыстық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға, әдетте, облыстық сот судьяларының немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдардың қатарынан ұсыным жасалады. 

Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының қатарынан ұсынылады. 

Бұл ретте аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадрлық резервте тұрған және ұйымдастырушылық қабілеті бар адамдарға басымдық беріледі. 

3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі. 

3-1. Аудандық сот төрағасының лауазымына бос орынды жариялау туралы шешімді аудандық соттар төрағалары өкілеттіктерінің мерзімі ескеріліп, Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды. 

Бос орын туралы хабарландыру Кеңес регламентінде белгіленген мерзімдерде Кеңестің интернет-ресурсында жарияланады. 

3-2. Кеңес аудандық сот төрағасының бос лауазымына өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. 

Мұндай тексеруді жүргізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

3-3. Кеңестің кадрлық резервте тұрған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына кандидаттарды енгізу тәртібі, аудандық соттың төрағасы лауазымына облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған кандидаттарды іріктеу тәртібі, сондай-ақ кандидат лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайларда, Кеңестің ұсынымдарын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

3-4. Кандидат аудандық соттың төрағасы лауазымына тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және: 

1) аудандық сот төрағасының бос лауазымы кеңейтілген жалпы отырыста сайланған өзге кандидаттарға ұсынылуы мүмкін; 

2) қайта іріктеу жариялануы мүмкін. 

4. Кеңес отырыста аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына сайланған немесе ұсынылған барлық кандидатураларды міндетті түрде қарайды. 

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться