Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
24-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау

Ескертпе!

ҚР Конституциялық Сотының 21.04.2023 № 10 нормативтік қаулысын қараңыз. 

1. Судья Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне Кеңеске шағым жасай алады. 

2. Кеңес Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау кезінде өзіне қатысты Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия немесе Сот жюриі шешім қабылдаған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі келтірмейді. Отырыста судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа адамдардың хабарлары тыңдалып, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін. 

3. Кеңес Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы: 

1) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімін негізді деп тану; 

2) Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және іс жүргізуді тоқтата отырып, оның күшін жою; 

3) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және қайтадан қарауға жібере отырып, оның күшін жою; 

4) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімін негізсіз деп тану, оның күшін жою және жаңа шешім шығару. 

4. Кәсіби қызметті мерзімдік бағалау нәтижелері бойынша Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судьяның шағымын қарау нәтижелері бойынша қабылданған Кеңестің судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Кеңес отырысында судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы, ал судья ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауға негіз болып табылады. 

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...22 23 24 25 26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться