Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері



Ст. 6 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ



1. Кеңес мүшесі:

1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға;

2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға;

3) қаралып отырған мәселелер бойынша өтінішхаттарды мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге;

4) қолында бар құжаттарды ұсынуға;

5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға;

6) судьялыққа кандидаттармен және судьялармен өңірлерде көшпелі кездесулер өткізуге;

7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары отырыстарының жұмысына қатысуға;

8) Кеңестің құзыреті шегінде азаматтарды жеке қабылдауды жүргізуге;

9) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

2. Кеңес мүшесі:

1) Кеңестің отырыстарына қатысуға;

2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап және объективті болуға;

3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты өзіне белгілі болған, судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға;

4) Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде, егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ