Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өзара сақтандыру туралы
4-бап. Өзара сақтандыру объектiлерi



Ст. 4 Өзара сақтандыру туралы 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163



1. Өз қызметтерiне байланысты белгiлi бiр тәуекелдермен бiрiккен қоғам мүшелерiнiң заңды мүлiктiк мүдделерi өзара сақтандыру объектiсi болуы мүмкiн.

2. Өзара сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.

3. Өзара сақтандырудағы сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қоғам Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген, қоғамның жарғысында көзделген сақтандырудың екi және одан да көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.

5. Қоғамдардың сақтандырудың міндетті түрлері жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өзара сақтандыру туралы 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Өзара сақтандыру туралы 2006 жылғы 5 шілдедегі N 163