Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi



Ст. 25-3 Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151



Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 25-3-баппен толықтырылды - ҚР 20.12.2004 № 13 Заңымен (01.01.2005 бастап күшіне енеді); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...25-1 25-2 25-3 25-4 25-5 ...27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-3-бап Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151