Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықты жұмыспен қамту туралы

Халықты жұмыспен қамту туралы
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы



Ст. 11 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ



Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

2) осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

3) өтініш білдірген адамдарды осы Заңның 13, 14-баптарына сәйкес жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

8) бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді;

9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

10) әлеуметтік келісімшарттар жасасады;

11) еңбек делдалдығын көрсетеді;

12) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді. 
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...39 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ