Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықты жұмыспен қамту туралы

Халықты жұмыспен қамту туралы
12-бап. Лайықты жұмыс



Ст. 12 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ



1. Лайықты жұмыс тұрғылықты жерін өзгертумен байланысты жұмыс іздеп жүрген адамның немесе жұмыссыздың келісімімен ғана ұсынылуы мүмкін.

Тұрғылықты жерінен лайықты жұмысқа көлiктiң қолайлылығын, осы жердің қоғамдық көлік желілерінің дамуын ескере отырып, тиісті атқарушы орган айқындайды.

2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан артық жұмысы жоқ адамдар үшін алдын ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал оны ұсыну мүмкін болмаған жағдайда адамдардың жас шамасы және өзге де ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, басқа ақы төленетін жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.

3. Мүгедек үшін оның тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты деп есептеледi.

4. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың жас шамасы және өзге де ерекшелiктерiн ескере отырып) уақытша сипаттағы жұмыс:

1) бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар;

4) ұзақ үзілістен (екі жылдан астам) кейін еңбек қызметін қайта жалғастыруға талпынғандар, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталықтары оқуға жібергендер және дәлелсіз себеппен оқуын тоқтатқандар;

5) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем аяқталғаннан кейін кәсіптік оқытудан немесе қосымша білім алудан бас тартқан адамдар арасынан бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға сәйкес келеді деп есептеледі.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...39 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ