Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Халықты жұмыспен қамту туралы
21-бап. Жастар практикасын ұйымдастыру



Ст. 21 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ



1. Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы белгіленген.

2. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:

1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтініш берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайы мен еңбегіне ақы төлеуді және қаржыландыру көздерін айқындайды.

3. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындарын құрған кезде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды.

Құрылған жұмыс орындары түлектің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келуге тиіс.

4. Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі. Олардың еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

5. Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс беруші және жастар практикасына жіберілетін түлек арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Әлеуметтік келісімшарт тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайын, еңбекақы мөлшері мен оны төлеу шарттарын, қаржыландыру мерзімі мен көздерін қамтуға тиіс.

6. Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...39 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ