Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Халықты жұмыспен қамту туралы

Халықты жұмыспен қамту туралы
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы



Ст. 8 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ



1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.

2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:

1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжамы;

кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруды және кадрларды кәсіптік даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша, сондай-ақ қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылу барысын мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны және азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі ведомстволық статистикалық есептілікті жинауды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.

2) әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды және ықпалдастықты ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдауды;

3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық және консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...39 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ