Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
32-бап. Дайындаушының (орындаушының) тауардың жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін және қызмет ету мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттері



Ст. 32 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV



 1. Дайындаушы тұтынушылық қасиеттері уақыт өте келе нашарлауы мүмкін тауарларға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жарамдылық мерзімін және (немесе) сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.

2. Сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі белгіленген тауарларды тұтынушыға оларды жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі өткенге дейін мақсатына сай пайдалана алатындай етіп беруге міндетті.

3. Тауардың жарамдылық мерзімі тауар әзірленген кезден бастап есептеледі. Егер әзірлеу кезі мен пайдалануға дайын болу кезі сәйкес келмесе, тауардың жарамдылық мерзімі пайдалануға дайын болу кезінен бастап қолданыла бастайды, ол жөнінде тұтынушы хабардар етілуге тиіс. Белгіленген жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі өткеннен кейін тауарды, сондай-ақ жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі белгіленуге тиіс, бірақ олар белгіленбеген тауарды өткізуге тыйым салынады.

4. Белгіленген мерзімінен тыс пайдаланылуы тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпті болып табылатын тауарлардың қызмет ету мерзімі белгіленеді.

5. Дайындаушы (орындаушы) тауарды (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің нәтижесі) немесе оның бір бөлігін пайдаланудың белгіленген мерзімі (жарамдылық, қызмет ету мерзімі), оны пайдаланудың міндетті шарттары және оларды орындамаған жағдайда болатын ықтимал салдарлар туралы, сондай-ақ осы мерзім аяқталғаннан кейінгі қажетті іс-әрекеттер туралы тұтынушыға ескертуге тиіс.

 Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...44 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV