Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
35-бап. Тұтынушының орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кездегі құқықтары



Ст. 35 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV



1. Тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:

1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды;

2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;

3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді);

4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.

2. Егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар – жұмысты (қызметті) қабылдаған кезде немесе оны орындау (көрсету) не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер ішінде пайдалану барысында кемшіліктер табылған жағдайда, ал жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдаған кезде кемшіліктерді табу мүмкін болмаған жағдайда – кепілді мерзім ішінде, жасырын кемшіліктер табылған жағдайда – бір жыл ішінде, ғимараттармен және құрылыстармен байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне қарамастан – орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты жұмыстарды қабылдап алу күнінен бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.

Жұмыстың (көрсетілген қызметтің) тұтынушының өзінің және басқа да адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін кемшіліктерін өтеусіз жою туралы талапты тұтынушы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты (көрсетілген қызметті) қабылдаған кезден бастап үш жыл ішінде қоюы мүмкін.

Мұндай талап бұл кемшіліктердің қашан табылғанына қарамастан, оның ішінде кепілді мерзімі аяқталғаннан кейін анықталған кезде де қойылуы мүмкін.

4. Жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктер, егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жойылуға тиіс.

Кемшіліктерді жоюдың тұтынушы тағайындаған немесе тараптармен келісілген мерзімі шартта жазылады.

5. Жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және аяқтау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы, егер шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін жұмыс (көрсетілетін қызмет) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.

6. Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан (жылжымайтын мүлікке бес жылдан) кем болған және жұмыстың (көрсетілген қызметтің) кемшіліктерін тұтынушы кепілдік мерзім өткеннен кейін, бірақ екі жыл (жылжымайтын мүлікке бес жыл) шегінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы осындай кемшіліктердің жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін өзі қабылдап алғанға дейін немесе ол кезге дейін пайда болған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды қоюға құқылы.

 7. Жұмыстың (көрсетілген қызметтің) елеулі кемшіліктері табылған жағдайда, тұтынушы кемшіліктердің жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін өзі қабылдап алғанға дейін немесе ол кезге дейін пайда болған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, орындаушыға кемшіліктерді өтеусіз жою туралы талап қоюға құқылы. Бұл талап, егер осындай кемшіліктер жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін қабылдап алған күннен бастап екі жыл (жылжымайтын мүлікке қатысты бес жыл) өткеннен кейін, бірақ жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесіне белгіленген кепілдік мерзімі шегінде немесе егер кепілдік мерзімі белгіленбесе, жұмыстың (көрсетілген қызметтің) нәтижесін қабылдап алған күннен бастап он жыл ішінде табылған болса, қойылуы мүмкін.

 Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...44 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV