Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
42-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылар құқықтарын қорғауы



Ст. 42 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV



Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушының өтініші, шағымы бойынша құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтар арқылы келтірілген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) кінә қоя отырып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде кінә қоюға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгінуге құқылы.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесіне орай сотта қарауға жіберетін талап-арыздарға мемлекеттік баж салынбайды. 
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...40 41 42 43 44 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 42-бап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV