Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
8-1-бап. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар



Ст. 8-1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV



 1. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.

 2. Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар:

 1) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;

 2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;

 3) өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;

 4) тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның мөлшерден тыс қомақты (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі бойынша талапты белгілеу;

 5) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;

 6) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;

 7) тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;

 8) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;

 9) сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;

 10) егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;

 11) міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру;

 12) тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын өзге де талаптар.

 3. Егер тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарттың талаптарын қолдану нәтижесінде тұтынушыға залал келтірілген болса, кінәлі адам оларды толық көлемде өтеуге тиіс.

 4. Тұтынушының өзіне сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз жағдайының артықшылықтарын пайдалануына байланысты келтірген залалды өтетіп алуға құқығы бар.

 5. Сатушы (орындаушы, дайындаушы) мен тұтынушының арасында жасалған тауарды сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету туралы кез келген шарт оларды түсіну үшін арнайы білімді қажет етпейтін, нақты тұжырымдалған және екіұшты түсіндіруді болғызбайтын талаптарды қамтуға тиіс.

 Ескерту. 3-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...7 8 8-1 9 10 ...44 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-1-бап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV