Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы


Утратил силу

Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
17-бап. Уақытша қорғау шараларын қолдану

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi орган алдын ала растайтын қорытындының негiзiнде iс қарауды бiр жолғы жүргiзу жағдайында уақытша қорғау шараларын жалғастыру туралы қаулы қабылдайды. 2. Уақытша қорғау шаралары, егер оларды кейiнге қалдыру отандық өнеркәсiпке орнын толтыру қиын елеулi залал келтiруi мүмкiн болса, қысталаң жағдайларда енгiзiледi.  3. Уақытша қорғау шараларын өздерiне қатысты iс қарау жүргiзiлетiн тауар үшiн оларды енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негiзiнде кеден органдары қолданады. 3-1. Уақытша қорғау шараларын қолданған кезде қорғау баждарын төлеудi қамтамасыз етуге арналған ақшаны импорттаушылар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес депозиттiк шотқа енгiзедi және Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi органның қорғау шараларын қабылдау қажеттiгi туралы қорытындысы негiзiнде түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн бюджетке аударуға жатпайды. 4. Егер уәкiлеттi орган iс қарау нәтижелерi бойынша тауар жеткiзу көлемiнiң өсуi отандық өндiрушiлерге елеулi залал келтiрмейдi немесе оның қаупiн туғызбайды деген шешiм шығарса, уақытша шаралардың күшi жойылуға тиiс және импорттаушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленген сомаларды қайтарып алуға құқығы бар. Уақытша қорғау шараларын қолдану кезiндегi қорғау бажының ставкасынан неғұрлым төмен қорғау бажының ставкасын енгiзу орынды деп танылған жағдайда, артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тәртiппен импорттаушыға қайтарылуға жатады. 5. Егер қорғау бажы уақытша қорғау шараларының ставкасына қарағанда көбiрек мөлшерде енгiзiлсе, импорттаушыдан ақы төленген кезең үшiн айырма өндiрiп алынбайды.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.20 N 443 , 2005.06.16 N 59 , 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться