Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы


Утратил силу

Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
23-бап. Қорғау шараларын қолдану

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қорғау баждарын енгiзу туралы қаулысының негiзiнде кеден органдары оларды iсi қаралған, әкелiнген тауардың бәрiнен өндiрiп алады. Қорғау баждары кеден баждарына, салықтарға және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдерге қарамастан өндiрiп алынады және бюджетке есептелуге жатады. 2. Квота түрiнде қорғау шараларын қолданған кезде импорттық квотаның жылдық көлемi, елеулi залалды болғызбау немесе жою үшiн өзге шешiм қабылдаудың қажеттiгi дәлелденген жағдайларды қоспағанда, импорттың көлемiн осының алдындағы кезеңдегi оның орташа көлемiне тең деңгейден төмен қысқартпауға тиiс.

Қазақстан Республикасының Үкiметi қорғау шарасы ретiнде енгiзiлген импорттық квотаның жылдық көлемiнiң шегiнде жекелеген мемлекеттер үшiн импорттық квоталар белгiлей алады.

Импорттық квота тауар берушi елдер арасында бөлiнетiн жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi консультациялар жүргiзу арқылы Қазақстан Республикасының аумағына осы тауарды жеткiзiп беруге мүдделiлiгi бар тауар берушi елдермен импорт квотасының үлесiн бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткiзудi қамтамасыз ете алады.

Мұндай уағдаластыққа қол жеткiзу мүмкiн болмаған кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi импорттық квотаны тауар импортының жалпы саны немесе құны негiзiнде бұдан бұрынғы кезеңдегi тауар импортына сәйкес келетiн үйлесiмде тауар берушi елдер арасында бөледi. Бұл ретте осы тауарларды жеткiзiп беруге ықпал ете алған немесе ықпал ете алатын кез келген факторлар ескерiледi.

Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi импорттық квотаны жекелеген шет мемлекеттерден (шет мемлекеттер одағынан) импорт өсiмiнiң абсолюттi және салыстырмалы түрдегi көрсеткiштерiн ескере отырып, жекелеген тауар берушi елдер арасында бөлуi мүмкiн.

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.06.16 N 59 Заңымен.
Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться