Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
24-бап. Қорғау шараларының қолданылу мерзiмi



Ст. 24 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы



1. Қорғау шараларының қолданылу мерзiмi елеулi залалды болғызбау немесе жою отандық тауар өндiрушiлердiң бәсеке жағдайларына бейiмделуi үшiн қажеттi кезеңге белгiленедi. Бұл кезең, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт жылдан аспауға тиiс. 2. Қорғау шараларының қолданылу мерзiмiн осы қорғау шарасы елеулi залалды болғызбау немесе жою үшiн қажет болып қала берген жағдайда өтiнiш негiзiнде немесе өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi ұзартуы мүмкiн. 3. Қорғау шарасын қолданудың жалпы кезеңi кез келген уақытша шараны қолдану кезеңiн, бастапқы қолдану және оны кез келген ұзарту кезеңiн қоса алғанда, сегiз жылдан аспауға тиiс. 4. Егер қолданылатын шаралардың өзiн ақтамайтындығы анықталса, уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша олардың күшi жойылуға не олардың мөлшерi өзгертiлуге тиiс.

Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.20 N 443 Заңымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы