Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
7-бап. Iс қарауды бастау туралы шешiм



Ст. 7 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы



1. Iс қарауды бастау туралы шешiм Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша, сондай-ақ отандық өндiрушiлердiң немесе өндiрушiлер бiрлестiгiнiң өтiнiштерi бойынша дайындалған уәкiлеттi орган қорытындысының негiзiнде қабылданады. 2. Қорғау шараларын қолданудың алдындағы iс қарауды жүргiзу жөнiндегi өтiнiш, егер осы өтiнiш бойынша өз пiкiрiн бiлдiрген отандық тауар өндiрушiлердiң үлесiне Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауар өндiрiсi жалпы көлемiнiң көпшiлiк бөлiгi келетiн болса қарауға қабылданылуы мүмкiн.

Бұл ретте өтiнiштi қолдайтын отандық өндiрушiлер үлесiне отандық өндiрушiлер өндiрген ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың көлемiнiң жиырма бес проценттен астамы келуге тиiс. 3. Уәкiлеттi орган iс қарауды бастау туралы шешiм қабылданғаннан кейiн тиiстi шет мемлекетке (шет мемлекеттер одағына) қорғау шараларын ықтимал қолдану мақсатында iс қарауды бастау ниетi туралы хабарлауға тиiс.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.20 N 443 , 2005.06.16 N 59 Заңдарымен.  

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы