Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
8-бап. Өтiнiш беру



Ст. 8 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы



1. Iс қарауды жүргiзу туралы өтiнiш жазбаша нысанда уәкiлеттi органға берiледi және онда мынадай мәлiметтер: 1) өтiнiш берушiнiң деректемелерi және ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың осының алдындағы үш жылдағы, оларға қатысты статистикалық ақпарат бар құны мен өндiру көлемi туралы деректер; 2) iс қарау объектiсi болып табылатын әкелiнген тауардың сипаттамасы, тауарды шығарған елдiң немесе елдердiң атауы, аталған тауарды белгiлi жеткiзушiлердiң тiзбесi; 3) объективтi сипаттағы барлық тиiстi факторларды көрсететiн және осы саладағы жағдайға әсер ететiн сандық көрiнiспен берiлуге болатын деректер, атап айтқанда: қуаттарды сату, өндiру, өнiмдiлiгi, тиеу көлемдерiндегi, пайда мен зиян мөлшерiндегi өзгерiстер, өндiрiсте жұмыс iстеушiлер санының қысқаруы туралы; Қазақстан Республикасының iшкi рыногында ұқсас және тiкелей бәсекелес тауарлар бағасының өзгеруi туралы мәлiметтер болуға тиiс. 2. Өтiнiш берушi iстi қарау рәсiмi басталғанға дейiн өтiнiшiн қайтып алуы мүмкiн және бұл жағдайда ол берiлмеген болып есептеледi.

3. Өтiнiш берушi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауап бередi.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1999.07.20 N 443, 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.  

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы