Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 107 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi

1. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды және ол бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

2. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге: 

1) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың емдеуден бас тартуы және оны (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану) сендірудің барлық әдістерінің оң нәтижесінің болмауы;  

2) науқастың медициналық құжаттамасында тіркелген, өз бетінше кетуі және күнтізбелік ай ішінде туберкулезге қарсы препараттардың жеті тәуліктік дозасын қабылдауды себепсіз өткізу түріндегі емдеу режимін бұзуы негіздер болып табылады.  

3. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға міндетті. 

Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

4. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша қабылдайды. 

Ескерту. 107-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...105 106 107 108 109 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 107-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV