Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау



Ст. 109 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



Ескерту. 109-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады. 

3. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 109-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...107 108 109 110 111 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 109-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV