Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу



Ст. 117 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін. 

Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі. 

Азамат аталған комиссияның шешіммен келіспеген жағдайда, ол жөнінде сотқа шағымдана алады. 

2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзімен байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді және жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, кемінде бес жылда бір рет қайта қаралады. 

Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...115 116 117 118 119 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 117-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV