Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау



Ст. 118 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



1. Азамат өзіне психиатриялық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның психиатриялық көмек көрсетілген кездегі заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады. 

3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Психиатриялық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Статья 1 ...116 117 118 119 120 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 118-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV