Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 13-1 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
13-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарлама

Денсаулық сақтау саласындағы мынадай: 

1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту; 

2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзу; 

3) медициналық техниканы көтерме саудада өткiзу; 

4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу; 

5) медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу; 

6) биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады. 

Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі. 

Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 13 13‑1 14 15 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-1-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV