Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары



Ст. 133 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың: 

1) білікті медициналық көмек алуға; 

2) наркологиялық ұйымды таңдауға; 

3) өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың қолданылатын әдістері туралы ақпарат алуға; 

4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда - жүрген жері бойынша өткізуге құқығы бар. 

2. Нашақорлықпен ауыратын науқастың немесе оның заңды өкілінің ұсынылатын медициналық-әлеуметтік оңалтудың кез келген сатысында одан бас тартуға құқығы бар. 

3. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дәрігердің қолы қойылады. 

4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда динамикалық байқауда тұру фактісі негізінде ғана шектеуге жол берілмейді.

Статья 1 ...131 132 133 134 135 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 133-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV