Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы



Ст. 160 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



1. Темір тапшылығы анемиясы - организмге тамақ өнімдері құрамында темірдің жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы аурулары кезінде темірді жоғалтудың көбеюіне, темірге деген қажеттіліктің артуына байланысты болатын организмнің патологиялық процесі. 

2. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар: 

1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналымының басқа да сатыларындағы қозғалысына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы жауапкершілігі; 

2) халықтың нысаналы топтарын құрамында темір бар препараттармен профилактикалық қамтамасыз ету; 

3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі; 

4) ұнды және өзге де тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) қағидаттарымен жүзеге асырылады. 

3. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады. 

Тамақ өнімін байыту (фортификациялау) тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды. 

Ескерту. 160-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...158 159 160 161 162 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 160-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV