Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 162 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау

1. Донорлық функцияны жүзеге асыру арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы қан мен оның компоненттерінің донорлығы болып табылады. 

2. Донорлық функцияны жүзеге асыру үшін донорларды тарту өтеусіз немесе өтеулі негізде жүргізіледі.  

Өтеулі негізде донорларды тарту донорлық функцияны өтеусіз негізде орындайтын донорлар болмаған кезде жүзеге асырылады. 

3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды: 

1) донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу болып табылатын қан донациялау; 

2) қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын плазма донациялау. 

Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі: 

қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма; 

құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (иммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне нысаналы түрде емдік өзара әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма (иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады); 

3) донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы бөліп алу болып табылатын жасушалар донациялау. 

4. Қанды дайындау және қайта өңдеу процесінде: 

1) қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлінген құрамдас бөліктері болып табылатын қан компоненттері; 

2) қан компоненттерін қайта өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар болып табылатын қан препараттары алынады. 

5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатурасын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 162-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 208-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...160 161 162 163 164 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 162-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV