Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 164 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету

1. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі донорларды медициналық куәландыру, донорлық қанды зертханалық скринингтеу, қан мен оның компоненттерін дайындау бойынша, карантиндеу, лейкофильтрациялау, вирусинактивациялау, радиациялық сәулелендіру әдістерін және Қазақстан Республикасында рұқсат етілген басқа да әдістерді қолдана отырып, қан компоненттерін алу бойынша белгіленген талаптарды сақтау жолымен қамтамасыз етіледі. 

2. Донорлық қан мен оның компоненттері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сапасын бақылауға жатады. 

3. Тиісінше таңбаланбаған донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарын пайдалануға және өткізуге тыйым салынады. 

4. Донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлері оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 

Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...162 163 164 165 166 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 164-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV