Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 2 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

1. Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші:

1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық техниканы сатып алу;

4-1) 01.01.2018 дейін қолданылды - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен.
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.

3. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV