Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 22-1 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
22-1-бап. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат

1. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асырады. 

2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектінің өзіне тиесілі объектіге фармацевтикалық инспекция жүргізу туралы уәкілетті органға келіп түскен өтініші фармацевтикалық инспекцияны бастау үшін негіз болып табылады. 

3. Объектінің тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың қолданылу кезеңінде фармацевтикалық инспекциялар үш жылда бір реттен сиретпей жүзеге асырылады. 

4. Фармацевтикалық инспекцияға тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі бойынша дәріханалар, тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі бойынша дәріханалық қоймалар, тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі бойынша дәрілік заттарды өндіру жөніндегі ұйымдар, тиісті зертханалық практика (GLP) талаптарына сәйкестігі бойынша клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтарды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, тиісті клиникалық практика (GCP) талаптарына сәйкестігі бойынша клиникалық зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жатады. 

5. Тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігі бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 5-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Статья 1 ...21‑3 22 22‑1 23 24 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-1-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV