Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 24 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру нысандары

Ескерту. 24-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру: 

1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін - жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша; 

2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері үшін – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт негізінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...22‑1 23 24 25 26 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV