Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері



Ст. 26 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады. 

2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады. 

3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет "электрондық үкімет" шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 26-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV