Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың қағидаттары



Ст. 27 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай: 

1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру; 

2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету; 

4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі; 

5) денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстарының сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету; 

6) жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын және пациенттің өз дербес деректеріне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету; 

7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. 

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 27-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV