Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 62-1 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
62-1-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит

1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті аудитор жүргізеді. 

2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер иелерінің (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініштері бойынша, өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шартта көзделген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемдері ескеріле отырып жүргізіледі. 

3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері объектінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепте көрсетіледі.  

Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдар бар аудиторлық есепті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамының алуы эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіз болып табылады. 

Тексерулерден босату мерзімдері уәкілетті орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді. 

4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс: 

1) жеке тұлғалар үшін: 

санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы; 

тиісті мамандық бойынша немесе жалпы гигиена дәрігері мамандығы бойынша санитариялық-гигиеналық бейіндегі дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не эпидемиолог-дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы не қоғамдық денсаулық сақтау (эпидемиолог) дәрігерінің жоғары біліктілік санатының болуы; 

2) заңды тұлғалар үшін штатында осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген талаптарға сай келетін білікті персоналдың болуы. 

5. Жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызмет басталғанға дейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды бұл жөнінде хабардар етуге міндетті. 

6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады және мыналарды: 

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеуді; 

2) өтініш беруші табыс еткен құжаттарды алдын ала талдауды; 

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасуды; 

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеуді; 

5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасауды; 

6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді (объектіні тексеру, материалдарды талдамалық өңдеу, салыстырмалы талдау және жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесіне, объектіні іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен анықтығына бағалау жүргізу); 

7) аудиторлық есепті жасауды және оны өтініш берушіге табыс етуді қамтиды. 

7. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші қаржыландыруды қамтамасыз етеді және осы баптың 8-тармағында белгіленген тәртіппен қажетті құжаттаманы табыс етеді. 

8. Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші аудиторға мынадай құжаттарды табыс етеді: 

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш; 

2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын объектіге қатысты материалдар (мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының соңғы жылдағы зерттеп-қарау актілері (олар болмаған кезде соңғылары), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы бекіткен, эпидемиялық маңызы бар объектінің тәуекел дәрежесін айқындау нысаны, объектінің санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды); 

3) болған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніндегі құжаттама және санитариялық-эпидемиологиялық аудит бойынша алдыңғы қорытындылар; 

4) объектіні бағалау үшін қажетті өзге де материалдар. 

9. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша табыс етуге міндетті. 

10. Жоспарға сәйкес жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы аудиторлық есеп санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібімен белгіленген нысан бойынша жасалады. 

11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды. 

12. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері аудиторлық есепті дайындау кезінде мынадай жағдайларға жол берілген: 

1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу рәсімдері бұзылған; 

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары орындалмаған немесе бұрмаланған 

3) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқықтары, халықтың басқа да санитариялық-эпидемиологиялық құқықтары мен мүдделері, санитариялық-эпидемиологиялық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған; 

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке қатысатын тараптардың құқықтарын бұзатын өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылады. 

13. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлар: 

1) аудитті кешенді, объективті, сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге; 

2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға; 

3) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының, нормативтік техникалық құжаттардың негізінде жүргізуге; 

4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізудің шарт талаптарында көзделгендей белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға міндетті. 

Ескерту. 12-тарау 62-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...61 62 62‑1 62‑2 63 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 62-1-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV