Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 62 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама

1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – физикалық факторлардың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалар сараптамасы.

2. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары өз құзыреттері шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобаларының, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

3. Жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы:

1) эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекітуге жататын қала құрылысы жобалары бойынша жүргізіледі.

3-1. Осы баптың 3-тармағында көзделмеген жобалар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдары жүргізеді.

4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық және биологиялық құндылығына арналған зерттеулер, шуылға, дірілге, электр-магниттік өрістер мен физикалық факторларға өлшеу жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемін (санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы табыс етеді.

6. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.

7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері бойынша адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті деп танылған химиялық және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттар тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.

8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексеру және (немесе) профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:

1) пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;

2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына;

4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге, оның ішінде тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісуге;

5) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.

9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

10. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...60 61 62 62‑1 62‑2 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 62-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV