Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 7 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



1. Уәкілетті орган: 

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 

2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірленімдердің басымдықтарын айқындау; 

4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту; 

6) денсаулық сақтау саласындағы стандарттар мен регламенттерді әзірлеу және бекіту; 

6-1) пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру; 

7-1) денсаулық сақтау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдістемелік басшылық жасау; 

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру; 

9) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету; 

10) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру; 

11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

11-1) денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

12) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру; 

13) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу, сондай-ақ оларды бақылау; 

15) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; 

16) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларын тағайындауды келісу; 

17) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу; 

18) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

19) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

20) шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастыру және бекіту; 

21) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; 

РҚАО-ның ескертпесі!

22) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

22) әкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау және олардың шығындарын өтеу; 

РҚАО-ның ескертпесі!

22-1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

22-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалу барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыру; 

23) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

24) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу; 

25) осы Кодекстің 15-бабының 3-тармағында көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу; 

25-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу тәртібін айқындау; 

25-2) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу; 

26) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру; 

27) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 

27-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу; 

28) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

28-1) медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін әзірлеу және бекіту; 

29) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

29-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу; 

29-2) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жасау тәртібін бекіту; 

29-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

29-4) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау; 

29-5) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау; 

29-6) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) гуманитарлық көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру; 

29-7) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

30) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және басқа да нормативтік құжаттарды тану; 

31) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін жүргізу; 

32) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді (әкетуді) келісу; 

33) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

34) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

35) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

36) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

37) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

38) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру; 

39) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

40) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау; 

41) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау; 

42) саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруды ұйымдастыру; 

43) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

44) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

45) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

46) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

48) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

49) медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

50) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

50-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

51) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

52) денсаулық сақтау саласындағы сараптамалардың жүргізілуін бақылау; 

53) медициналық қызметтер көрсетуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін жарнамалауды бақылау; 

54) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану; 

55) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

56) халықты профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу; 

57) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

57-1) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

58) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

59) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

60) алып тасталды - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

61) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

62) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

63) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау және тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін белгілеу; 

64) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

65) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту; 

66) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 

67) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын, сондай-ақ медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау; 

68) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізімін айқындау; 

69) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

69-1) қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды бекіту; 

70) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту тәртібін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібін айқындау; 

70-1) уәкілетті органның формулярлық комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту; 

71) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы инспекциялауды жүргізу қағидаларын бекіту; 

71-1) биологиялық активті заттардың, фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың клиникаға дейінгі (клиникалық емес), клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін ұйымдар тізбесін бекіту; 

72) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

73) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарға медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бекіту; 

74) медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; 

75) алып тасталды - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);

76) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу тәртібін айқындау; 

77) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

78) клиникалық базалар тізбесін бекіту; 

79) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту; 

80) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту; 

РҚАО-ның ескертпесі!

81) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

81) денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындау; 

82) иондандырушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындау; 

83) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібін бекіту; 

83-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

84) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту; 

85) анатомиялық сый жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі мен шарттарын бекіту; 

86) денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту; 

87) денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау; 

88) донорларға қан мен оның компоненттерінің донациясы үшін ақы төлеу тәртібін айқындау; 

89) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту; 

90) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін бекіту; 

91) медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту; 

92) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту; 

93) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін бекіту; 

94) стационарлық көмек көрсету тәртібін бекіту; 

95) стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін бекіту; 

96) жедел медициналық көмек көрсету тәртібін бекіту; 

97) санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну тәртібін бекіту; 

98) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін бекіту; 

99) паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін бекіту; 

100) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту; 

101) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін бекіту; 

102) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін бекіту; 

102-1) сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін бекіту; 

102-2) тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 

103) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекітіп беру тәртібін бекіту; 

104) пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шартты әзірлеу және бекіту; 

105) медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту; 

106) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беру; 

107) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау; 

108) орфандық препараттар тізбесін бекіту; 

109) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту; 

110) орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту; 

111) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту; 

112) шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

113) Қазақстан Республикасында медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

114) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

115) тиісті фармацевтикалық практикаларды әзірлеу және бекіту; 

116) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

117) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу және бекіту; 

118) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібін айқындау; 

119) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасауы қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

120) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту; 

121) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін әзірлеу және бекіту; 

122) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау; 

122-1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

122-2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

122-3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

123) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту; 

124) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. 

2. Уәкілетті орган осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 7‑1 8 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 7-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV